«Жайықтың ақ шағаласы» атты әдеби сағаты

E-mail Печать PDF

     14 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Әскери-техникалық мектебінде ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жасқа толуына орай «Жайықтың ақ шағаласы» атты әдеби сағат өткізді.

      Мақсаты: Жастарға қазақ поэзиясын насихаттау, ақынның шығармашылығымен мен өмір жолын таныстыра отырып, өлеңдерін көпшілік оқырманның жүрегіне жеткізу.
     Бақтыгереева Ақұштап 1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының, Еңбек ауылында дүниеге келген. Ең алғаш еңбек жолын «Орал өңірі» газетінен бастаған. Ақынның – «Өрімтал», «Наз», «Қуанышым іңкәрім», «Сені ойлаймын», «Ақшағала» тағыда басқа жинақтары жарық көрген. Сонымен қатар ТМД елдері ақындарының өлең жырларын қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.
Шара барысында кітапханашы Лаура Сұлтанбекова ақын шығармашылығымен таныстырып, бейнебаян тамашаланды. Әскери бөлімдегі жастар Қ.Нұрсейіт, Ш.Дүсіпов, А.Әлқуат, Н.Сыдыков А.Бақтыгерееваның «Ана», «Туған жер» тақырыбындағы көптеген өлеңдерін оқыды. Ән шырқалып, күй тартылды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге А.Бақтыгерееваның шығармашылығы мен өмірбаяндық материалдары, ақынның шығармашылығы туралы ой-пікірлер мен сын мақалалар және ақынның өлең жинақтары мен аудармалары қойылды.