«Құрбан айт-ұлық мереке» атты танымдық сағат

E-mail Печать PDF

     13 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қатысуымен қаламыздағы «Нұр-Ғасыр» мешітінде «Құрбан айт-ұлық мереке» тақырыбында танымдық сағаты өтті.

     Мақсаты: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсінік алу, Имандылық қасиеттерін қалыптастыру, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
    Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталады. Құрбан айт татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбіршілікке, кешірімге шақыратын, барша мұсылман қауымына ортақ мереке.
Шара барысында «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб-имамы Күзенбаев Нұрлыбек Шәкизадаұлы Құрбан айт мерекесінің мән-маңызына және оны дұрыс атап өтудің жөн-жосығына тоқталды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар көптеген сұрақтарына жауап алды.
Кітапханашылар тақырыпқа орай кітап көрмесін ұйымдастырып, имандылыққа шақыратын діни және көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдармен таныстырды.