«Абайды оқы ерінбе!» поэзия сағаты

E-mail Печать PDF

      9 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Керуен Сити орталығы жанында қала тұрғындарына арнап «Абайды оқы ерінбе!» атты поэзия сағатын өткізді.

      Мақсаты: Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ұлы ақын Абайдың шығармашылығын жастарға тереңнен таныстырып, кітаптарына шолу жасау, қара сөздеріне тоқталу.
      Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны, философ, композитор және көрнекті қоғам қайраткері. Абайдың әдеби мұрасына енген өлеңдері, поэмалары, аудармалары және ерекше стильде жазылған философиялық «Қарасөзі» ақынның терең ой толғаныстарының көп жылғы жемісі.
Саябақта жастар Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін оқыды. тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырып, оқырмандарды, жастарды данышпан ұлы ақын Абайдың шығармашылығын оқуға шақырды. Қызығушылық білдірген саябақтағы демалушыларға кітапхана қызметі туралы ақпараттық, жарнамалық парақшалар таратылды.