«Буккроссинг: «Оқы және өзгеге ұсын» акциясы

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 25 шілде күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің департаментіне қарасты КА 168/3 түзету мекемесінің кітапханасына «Оқы және өзгеге ұсын» акциясы аясында классикалық және шетелдік көркем әдеби кітаптары қайтарымсыз берілді. «Оқы және өзгеге ұсын» акциясы кітапханамызда 10 жылдан аса жұмыс жасайды.

       Қазақстанның 17 қаласында жүзеге асырылатын буккроссинг-қозғалыс әлеуметтік жобасы ұйымдастырылып отыр. Жобаның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қоз¬ғалысы кітап пен оқырман арасын жақын¬датудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.          Оқырмандарға ұсынылған бұл кітаптардың барлығы да қала тұрғындарынан қабылданған және кітапхананың есебінде тіркелмеген кітаптар. Ақтөбе қаласында ашылатын буккроссинг орталығына 300 кітапты сыйға тартты.
       Аталмыш мекеменің кітапханасына жылына екі рет «Оқы және өзгеге ұсын» акциясы бойынша жыл сайын 200-ге жуық кітап беріліп тұрады. Осы үрдіс бүгінде жалғасын тауып, кітапхана директорының орынбасары Үржан Құрманқызы, кітапхананың бөлім меңгерушісі Шынар Кошанова 300 кітапты сыйға тартты. КА 168/3 түзету мекемесінің қызметкері кітаптарды қабылдап алып, алғысын білдірді.