«Ел қамын жеген – ер Едіге» атты конференция

E-mail Печать PDF

2019 жылдың 13 маусым күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Едіге батырдың 600 жылдығына орай «Ел қамын жеген – ер Едіге» атты конференция өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Тарихта болған атақты батыр, ел билеуші Едігенің ерлік істерін жастарға үлгі ету, батыр туралы жазылған әдебиеттермен таныстыру. Жастар ортасында қазақстандық бірегейлікті, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, отаншылдық пен азаматтыққа тәрбиелеу.


Шараға қатысушылар: Демешова Назимат Бекқазықызы – Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының халық шығармашылығы және кітапханалар жұмысы бөлімінің бас маманы; Жұбаназар Асанов - ҚР педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор; Мендеева Зияш Боранбайқызы - Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің тарих пәнінің оқытушысы және облыстық мәдениет және өнер қызметкерлері, жастар, оқытушылар, кітапханашылар, оқырман қауым, БАҚ.
Едіге батыр – көзі тірісінде аңызға айналған адам. Тарихшылардың айтуынша, ол 1352 жылы туып, 1420 жылы қайтыс болған. Едіге Тоқтамыс ханның, Ақсақ Темірдің тұсында өмір сүрген.
Шараны Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Назимат Бекқазықызы ашты. Қонақтар Едіге батыр жөнінде айтып, тарихтан деректер келтірді. Батырдың дүние салған жері Мәртөк ауданында ескерткіш орнатылған. Бүгін де Едіге батыр эпосының 50-ге жуық нұсқасы бар, алайда батыр туралы зерттеулер әлі де жүргізіліп жатқандығын филология ғылымдарының докторы Жұбаназар Асанов «Едіге батыр эпосы және оның тарихи негіздері» тақырыбында баяндама жасап, Едіге батыр туралы жиналған қауымға мағұлмат берді. Сонымен қатар «Ер Едіге» деректі фильмін тамашалады. Шараға келген жастар сұрақтар қойып, ой-пікірлерін білдіріп, батыр туралы жырдан үзінділер оқыды. Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы шараға қатысқандарға алғысын білдіріп, филология ғылымдарының докторы Жұбаназар Асановқа Алғыс хат пен сертификат табыстады.
Конференцияда «Ел қорғаған – Ер баба» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге Е.Мағауиннің «Едіге», Ж.Асановтың «Едіге: аңыздар мен жырлар», батырлар жырлары, энциклопедиялар мен тағы да басқа баспасөз басылымдарының материалдары қойылды.

Обновлено 19.06.2019 10:58