«Ұлттық рәміздер - ел мақтанышы» атты кітап көрмесі

E-mail Печать PDF

2019 жылдың 4 маусым күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.


Мақсаты: ҚР мемлекеттік рәміздері тарихымен таныстыру. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін насихаттау, түсіндіру. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу.
Шара ҚР Мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Шара барысында кітапханашы Лаура Ерікқызы Қазақстан тәуелсіздігінің мемлекеттік қалыптасу тарихында ел рәміздерінің маңызды орын алатынын атап өтті. Мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихы және бүгінгі егемендігіміздің, елдігіміздің ерекше белгілері екенін айтып, еліміздің рәміздері туралы кең көлемде ақпараттар беріп, оқырмандарға бүктемелер, парақшалар таратылды. «Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы» атты кітап көрмесіне Елтаңбаның, Тудың суреттері, мемлекеттік рәміздеріміз туралы шығарылған кітаптар, өлең-жырлар, мерзімді басылымдарда шыққан мақалалар қойылып, библиографиялық шолумен қорытындыланды.