«Ақтөбе береке мен бірліктің мекені» атты коференция

E-mail Печать PDF

2019 жылдың 23 мамыры күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Ақтөбе береке мен бірліктің мекені» атты коференция өткізді.


Кешке қатысқандар: Ардагер журналист - Асқар Идош Мұсақұлұлы; өлкетанушы, мәдениет саласының ардагері - Балдығарина Роза Баянқызы; Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатының құжаттарды пайдалану және жариялау тобының меңгерушісі - Бақтыгүл Жақсымұратқызы Ешмұратова, қызметкері – Рсалина Нұргүл Құдайбергенқызы; «Облыс әкімі аппараты» ММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Сапаров Түлкібай Тынышұлы; Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі, Батыс Қазақстан гуманитарлы-заң колледжінің студенттері, кітапханашылар.
Кештің мақсаты: қаламыздың тарихы, мәдениеті, ұлттық құндылықтары және жергілікті ақын-жазушылармен тереңінен таныстырып, құндылығы мол Ақтөбе өңіріне деген махаббатты асқақтату.


Конференцияда Ақтөбе өңірінің тарихы, мәдени мұралары мен өлкенің батырлары, билері туралы ақпараттар берілді. Өлкенің тарихына қатысты мағлұматтар мен тың деректер келтіре отырып кешке қатысушылар баяндама оқиды. Жастар туған өлке туралы өлеңдер оқыды.
«Ақтөбе - қалам менің» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Ақтөбе қаласының тарихын, экономикалық өсіп өркендеуін, мәдени өмірін кеңінен баяндайтын кітаптар қойылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнебаян тамашалады. Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатының құжаттарды пайдалану және жариялау тобы «Мұрағат – тарих айнасы» көрмесін ұйымдастырды,