«Ұлы дала әскері – мәңгілік ел тірегі» атты ерлік сағаты

E-mail Печать PDF

2019 жылдың 3 мамыр күні сағат сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №16 орта мектебінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ұлы дала әскері – мәңгілік ел тірегі» атты ерлік сағатын өткізді.


Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Отан қорғаушы күні - Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. 1992 жылғы 7 мамырда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.
Іс-шара барысында жасөспірімдер мен «Бүркіт» патриоттық клубының мүшелері патриоттық өлеңдер оқып, ұлттық рухты оятатын әндер мен ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер айтты. Кітапханашы Алтынай Мажитқызы оқушыларға батырлардың ерлігі туралы әңгімелеп берді. «Ел үмітін ер ақтар» слайды көрсетілді. «Отан қорғау – ел салты» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.