«Ал, кәнеки қыздар!» сайысы

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 25 сәуір күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жастар» жылына орай «Сырғалым» эстетикалық клубының мүшелерімен бірге «Ал, кәнеки қыздар!» сайысы өтті.

     Мақсаты: Қыз баланың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәсүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

     «Ал, кәнеки қыздар!» сайысына №36 орта мектебінің оқушылары Ерешева Дамира мен Қайрат Лаура, Амантай Медина, Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің оқушысы Бекболатова Аружан, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушылары Буркут Асем мен Айтжанова Назерке қатысты.

     Сайыс 5 бөлімнен тұрды. 1. Таныстыру. 2. «Дәм думан.» Өздерінің дайындап әкелген тағамдарын көрермендерге көрсетіп, түсіндіру. 3. «Өнер өрге жетелейді». Өнер сайысы. 4 «Жеті құпия» сайыскерлердің ұшқырлығы, тапқырлығы бағаланады. 5. «Сән думан» көктемгі сән үлгісі мен шаш үлгісін көрсету. Сайыскерлеріміз кезең-кезеңімен өз өнерлерін көрсетіп, әділқазылар әділ бағасын берді. Әр кезеңнің арасында сайысқа қатысушы аруларымыз дайын болғанша жасөспірімдер ән айтып, өлең оқыды. Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы шараға қатысқан ару қыздарға жылы лебізін білдіріп, «Көктем аруы-2019», «Өнерлі ару», «Көрермен көзайымы», «Инабатты ару», «Білімді ару», «Көркем ару» номинация бойынша Алғыс хаттармен марапаттап, естелікке сыйлықтар берілді. Шараға №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушылары, кітапханашылар, оқытушылар мен оқырман қауым қатысты. Сайыс қызықты өтті. Шара соңында естелікке суретке түсті.