«Құқықтық сана және мәдениет» атты дөңгелек үстел

E-mail Печать PDF

2019 жылдың 23 сәуір күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 23-сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Құқықтық сана және мәдениет» атты дөңгелек үстел өтті.


Кешке қатысқандар: Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімнің басшысы - Үбішов Тимур Жұбанышұлы; Ақын – Қалауов Нұрлыбек; Кітапхана оқырманы - Есқұлова Құралай Құлмырзақызы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры – Калдина Гүлжайнар Нәренқызы; Батыс Қазақстан гуманитарлы-заң колледжінің студенттері, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының оқушылары мен оқытушылары, кітапханашылар.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Жастарды кітап оқудан ләззат алуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін құрметтеуге баулу.
Шара барысында кітапхана оқырманы Құралай Құлмырзақызы «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында таңдалып алынған Сарышолақ Боранбайұлының шығармалары туралы әңгімелеп берді. Жалпы автор шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық-автордың мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады,-дейді зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімнің басшысы Тимур Жұбанышұлы. Авторлық құқық жазбаша, ауызша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу, көлемді-кеңістікті сипаттағы жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады деп түсіндіріп өтті. Сонымен қатар шараға қатысушы жасөспірімдер авторлық құқық туралы сауалдарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Жастар ақын Сарышолақ Боранбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шара барысында облыстық шығармашылық орталығынан келген «Әдеп» тобының әншілері Құралай Аленова мен Қуанышкүл Серікбаева «Әгугай домбыра» әнін орындады.
«Кітап - біздің рухани байлығымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге жиналған көрермендер көрмеге қойылған әдебиеттермен танысып, ондағы ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытты. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнебаян тамашалады.

Обновлено 29.05.2019 12:08