«Оқитын автобус» акциясының ақпарат

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 22 сәуір күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Оқитын автобус» акциясын ұйымдастырды.

     Мақсаты: Ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын насихаттау, жастарды, қоғамды кітап оқуға, кітапханаға шақыру.

     Акция барысында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жалпыұлттық оқылымға ұсынылған жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев пен ақын, драматург Әбділдә Тәжібаевтың шығармаларын және «Оқитын өлке» акциясында оқуға таңдалған Сарышолақ Боранбайұлының шығармаларын қаладағы №15, №45, №8, №12, №26 автобустар ішінде жолаушыларға насихаттады. Жолаушыларға бүктемелер, жарнамалық парақшалар таратып, аталған акцияларға байланысты плакаттар жапсырды. Сонымен қатар кітапханашылар жолаушыларға жазушы, ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік берді. Акция кезінде жолаушылар діттеген аялдамаларына жылдам жеткенін сезбей қалғандары турасында пікір білдіріп жатты. Кітапханашылар қала тұрғындарын кітапханаға кітап оқуға шақырды.

Обновлено 29.05.2019 11:59