«Әнге айналған Сағи жырлары» атты әдеби-музыкалық кеш

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 12 наурыз күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Әнге айналған Сағи жырлары» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

     Мақсаты: ақын шығармашылығын насихаттау, жырлары мен әндерінің халық арасында кеңінен орындалуына, жастардың рухани өмірге белсене араласуына қолдау көрсету.

     Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Нұрсұлтан Әбжан ақын Сағи Жиенбаевтың өмірі мен шығармалары туралы жастарға мәлімет берді. Шара барысында Мадина Сапарова мен Зергүл Азамат лирик ақынның «Дала гүлі», «Теңіз сыры» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар Телман Досжан мен Оспанғали Алан сөзін Сағи Жиенбаев жазған «Айналдым елім» және «Елім менің» әнін орындады. Сондай-ақ студенттер ақынның шығармалары туралы өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісті.

     «Даланың сыршыл жүрегі» атты кең көлемде кітап көрмесі әзірленді. Көрмеге ақынның барлық туындылары және ол туралы әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды. Көрмеге Лаура Сұлтанбекова библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, Сағи Жиенбаев туралы бейнебаян тамашалады.

Обновлено 29.05.2019 09:42