«Қазақтың салт-дәстүрлері-ай» атты этно-мерекелік кеш

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 5 наурыз күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесе онлайн режимінде «Қазақтың салт-дәстүрлері-ай» атты этно-мерекелік кеш өтті.

     Мақсаты: «Ұлы даланың жеті қыры» аясында жастарға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, халық өнегесін үйрету. Адамгершілігі мол, ұлттық рухы биік тұлға тәрбиелеу.

     Шараға Людмила Байқадамова – батагөй қария, Айсара Айтуғанова – мәдениет саласының ардагері, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқырман қауым, кітапханашылар қатысты.

     Шара барысында кітапхана қызметкері ұлттық салт-дәстүр туралы жалпы мәлімет бере отырып, баланы бесікке салу және қырқынан шығару салтынан көрініс көрсетті. Сонымен кітапхана қызметкері Нұрқанат Ізкенов домбырамен ән шырқады. Сондай-ақ онлайн режимінде Маңғыстау облысындағы әріптестерімізде қазақтың салт-дәстүрі туралы айтып, іс-тәжірибелерімен алмасты. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып жөнінде сұрақтар қойылып, өзара пікір алмастырды.

     «Халқы мықтының - салты мықты» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.

Обновлено 29.05.2019 09:22