«Артында дастан, жыр қалып...» әдеби сағаты

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 30 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Алтын өлке» өлкетану клубының мүшелерімен бірге «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында өлкеміздің ақыны Сарышолақ Боранбайұлы таңдалған болатын. Осыған орай «Артында дастан, жыр қалып...» атты әдеби сағатын өткізді.

     Мақсаты: ақын Сарышолақ Боранбайұлының шығармасын насихаттау. Жастарды патриотыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, рухани мұраны сақтауға және әдеби кітаптарды оқуға ынталандыру болып табылады.

     Шара барысында кітапхана қызметкері Нұрсұлтан Әбжанов биылғы акция барысында таңдалып отырған ақын Сарышолақ Боранбайұлы жөнінде мағұлмат беріп, ақынның шығармаларын насихаттап, оқушыларға өлеңдерін оқып шығуға кеңес берді.

     Шараға №36 орта мектебінің оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Гүлбану Махаева қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар кітапханамыздың жас кітапханашылары Лаура Сұлтанбекова ақынның «Мені де бір күн іздейді», Ақниет Көшербайқызы «Қыздың сәні келер ме», Аяулым Зейнекен «Қалмақтан қиын болды да», №36 орта мектебінің оқушысы Назерке Назарова «Мекені ұлы жұрттың бұрынғыдан» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.  

     Шарада Сарышолақ Боранбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, Нұрлыбек Аманшаұлының орындауындағы «Мен толғасам тереңнен» толғауын бейнебая арқылы тамашалады. «Артында дастан, жыр қалып...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Лаззат Бултекова библиографиялық шолу жасады.