«Жыр әлемінің Ізтайы» атты әдеби-сазды кеш

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 24 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ізтай Мәмбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жыр әлемінің Ізтайы» атты әдеби-сазды кеші өтті.

     Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту. Шығармашылық мұрасын насихаттау, туған жерге, ел тарихына, әдебиетіне деген сүйiспеншiлiктi арттыру, жас ұрпақты патриотизмге баулу.

     Шараға қатысқандар: облыстық «Ақтөбе» газетінің ардагер журналисі, «Қазақстанның құрметті журналисі» - Бекмағамбетов Кәдірбай; Ізтай Мәмбетов оқыған №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы - Көшекбаева Фарида Абсатқызы; І.Мәмбетов атындағы Алға аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі -Изтлеуова Ақшолпан Абдихалыковна; С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі - Дина Мақсатқызы; С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің қазақ тілі мен әдебиеті магистрі - Айдана Берікқызы; №4 Алға орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы – Сағадат Мұсағалиева; І.Мәмбетов жөніндегі ғылыми жобаның жеңімпазы, Алға мектеп-гимназиясының 9 «Ә» класс оқушысы-Талқанбай Бибізейнеп Қуандықызы; оқырман - Бітік Исламғали; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры – Калдина Гүлжайнар Нәренқызы; Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің студенттері мен №6 орта мектебінің оқушылары, кітапханашылар.

     Іс-шара барысында ардагер, журналист Кәдірбай БекмағамбетовІзтай Мәмбетовтың өмірбаяны мен ақынның жүріп өткен жолы жөнінде таныстырып, ақын туралы мағұлмат берді. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Дина Мақсатқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті магистрі Айдана Берікқызы ақын жөнінде баяндама жасады. №6 орта мектебінің 10 «Ә» класс оқушысы Аружан Смагулова өзі шығарған «Ізтайға арнау» өлеңін және кітапханамыздың жастары Лаура Сұлтанбекова ақынның «Тек өзімнің сырым емес жазғаным», Нұрсұлтан Әбжанов «Республикама», Ақинет Көшербайқызы «Ізім қалсын» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сөзін Ізтай Мәмбетов жазған «Қаракөз» әні тыңдалып, шараға қатысушылардың барлығы бірігіп айтты. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ой бөлісті.

Шара барысында «Табанталдан шыққан талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесінде қаламгердің шығармалары және ол туралы жазылған кітаптар, баспасөз мақалалары қойылды. «Ізтайдың өшпес іздері» слайды, бейнеролик көрсетілді.