«Ұлы далаға бізде қарыздармыз» патриоттық сағаты

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 16 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында «Ұлы далаға бізде қарыздармыз» атты патриоттық сағаты өтті.

     Мақсаты: Ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау, түсіндіру. Тарихымыз бен мәдениетімізді өскелең ұрпақ санасына жеткізу. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

     Шара барысында кітапханашы Бултекова Ләззат мақала - ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге бағытталғанын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында келтірілген деректер мен дәйектерді, құндылықтар мен мәдени мұралар туралы түсіндіріп берді. Шараға қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар жас кітапханашымыз Зейнекен Аяулым Сырым Әуезханның «Ұлы даланың жеті қыры» өлеңін оқды.

     Шарада «Ұлы даланың жеті қыры – ұлттық болмыстың негізі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд, бейнебаян көрсетілді. Шараға Ақтөбе гуманитарлық колледжінің мұғалімдері, студенттері мен оқырмандар, кітапханашылар қатысты.