«Елбасы жолдауы – ел қамы» ақпараттық сағаты

E-mail Печать PDF

      2019 жылдың 15 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Батыс Қазақстан гуманитарлы-заң колледжінде «Елбасы жолдауы – ел қамы» атты ақпараттық сағатын өткізді.

     Мақсаты: жастарғаЕлбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру. Жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, ұшан-теңіз еңбегін халыққа жеткізу.

     Шара барысында кітапханашы Шынар Кошанова жастарға Елбасымыздын Жолдауы - егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін тарихи құжат болып табылатындығы айтып өтті. Сондай-ақ биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялап, «Жастар жылында» сенім артқан мәселелердің, жаңа бастамалардың жүйелі нәтижелері көрініс табуына әрқайсысымыз үлес қосуымыз қажет екендігін түсіндірді. Шараға қатысқан жастар жолдау туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмастырды.

     Шарада «Жолдау жетістіктерге жетелейді» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнебаян тамашалады.

Шараға Батыс Қазақстан гуманитарлы-заң колледжінің студенттері мен оқытушылары, кітапханашылар қатысты.