«Өнерліге өріс кең» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

    

2019 жылдың 14 қаңтары күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен С.Бәйшев атындағы ОӘҒК ғимаратында 2019 жыл «Жастар жылы» болуына орай «Бақытсыздар бағы» телехикаясындағы басты рөлді сомдаушы ақтөбелік жас актер Ерлан Кулмурзинмен «Өнерліге өріс кең» атты кездесу кешін өткізді.

 

     Мақсаты: өлкемізден шыққан жас таланттарды кеңінен таныту, дарынды тұлғаға қолдау көрсету, талант иесінің өнерін бағалау, туған жерге тағзым ету, кейінгі жас буынға үлгі ету, олардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

     Ерлан Кулмурзин ақтөбеден шыққан өнер иесі. Ол «Бақытсыздар бағы» атты отандық телехикаяда басты рөлді сомдаған. Аталмыш шараға мәдениет және өнер мекемелері, колледж студенттері, жалпы өнер мекемелері, жалпы өнер сүйер жастар қатысты. АГУ «Тарлан» колледжінің студентері өз өнерлері көрсетті. Шара барысында жас актер өзінің өнері мен алдағы жоспарлары туралы көрермендермен ой бөлісті. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ерлан Кулмурзин корей елінен шақырту алып, сол елде өнерін шыңдамақ. Жас актер Ерлан Кулмурзинге Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қорғанбаева Маржан Нағашыбекқызының атынан Алғыс хатпен марапаттап, естелікке сыйлық сыйлады. Сонымен қатар Ерланға сабақ берген әрі класс жетекшісі сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Шара соңында батагөй қария Марат Қабижанұлы Ерланға ақ батасын берді.

     Шара барысында «Ақтөбенің мақтаныштары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Кеш соңында естелікке суретке түсті.

Обновлено 17.01.2019 06:23