«Ел болашағы – жастардың қолында!» кітап көрмесі

E-mail Печать PDF

    

    2019 жылдың 11 қаңтары күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 2019 жыл - жастар жылы аясында «Ел болашағы – жастардың қолында!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

     Мақсаты: жастарды өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік құндылықтарын қастерлеуге тәрбиелеу.

     Кітап көрмесінде «Мәңгілік ел - Қазақстан» энциклопедиясы, «Жас толқын» жинақ кітабы және жастардың мерзімді басылымдарға жарияланған мақалалары, әдістемеліктер қойылды. Кітапханашы Ақниет Көшербайқызы библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар кітапханамыздың жастары Аяулым Зейнекен, Лаура Сұлтанбекова, мен Ақниет Көшербайқызы ағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін жатқа оқыды. Көрме көпшілік оқырманға арналып, жыл аяғына дейін жалғасын табады.

Обновлено 17.01.2019 06:23