«Біз тапқыр баламыз» интеллектуалды ойын

E-mail Печать PDF

    

    2019 жылдың 9 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ақ қауырсын» клубының мүшелерімен бірге «Біз тапқыр баламыз» атты интеллектуалды ойын өткізді.

     Мақсаты: Балалардың бос уақытын тиімді өткізу. Демалысын ұйымдастыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

 

     Шара барысында балалар 3 топқа бөлініп ойын ойнады. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. 1 кезең: Білгенге маржан (Сұрақ-жауап). 2 кезең: Тапқыр (Логикалық жұмбақтар). 3 кезең: Тездет, бірақ қателеспе! (Әр топқа 6 сұрақтан қойылды. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді). 4 кезең: «Тапқыр болсаң, талас жоқ» Шифограмма шешу. 5 кезең: «Үш тұғырлы тіл» (бір сөзді 3 тілде айту). Балалар ойынға аса қызығушылықпен қатысты. Сайысқа қатысушыларды әділқазы алқасы барлық кезеңнен кейін бағалап, жалпы есеппен жеңімпазды анықтады. Кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы сыйлықтарды табыстады.

     Шарада жаңадан түскен кітаптарға кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Лаура Сұлтанбекова библографиялық шолу жасады. Шараға жасөспірімдер, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Обновлено 17.01.2019 06:24