«Тамыры бір туысқан - Өзбекстан» атты кітап көрмесі

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 3 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай «Тамыры бір туысқан - Өзбекстан» атты кітап көрмесі өтті.

     Мақсаты: Жастарды басқа ұлттың мәдениетін сыйлай білуге, құрметтей білуге үйрету. Елімізде тұрып жатқан әрбір жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа тәрбиелеу.Оқырманды, жастарды кітап оқуға шақыру.

     Көрмеде «Қазақстан және әлем елдері» кітап-альбомы, «Қазақстан халқы ассамблеясы:20 жылдық тарих», Игілік Құлбаевтың «Біз қонақжай елміз», Нұрсұлтан Назарбевтың «Основатель Казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия» сияқты кітаптар мен баспасөз басылымдары ұсынылған. Кітапхана қызметкері Алтынай Мукашева библиографиялық шолу жүргізді. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.

     Шараға кітапхана оқырмандары мен жасөспірімдер қатысты. Кітап көрмесі оқырмандарға жыл аяғына дейін қызмет көрсетеді.