«Жаңа жылда жаңаша, бал маскарад тамаша» атты бал маскарад

E-mail Печать PDF

     2018 жылдың 28 желтоқсаны күні сағат 12.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жаңа жылда жаңаша, бал маскарад тамаша» атты кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарының арасында бал маскарад өтті.

     Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы толық мағлұматтар беру. Мерекелік көңіл күй сыйлау.

     Шараға үкіметтік емес ұйымдар, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.

     Жаңа жылдық шарамызды кітапханамыздың директоры Гүлжайнар Нәренқызы ашып, жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Әрі қарай шарада әрбір бөлімдер жаңа жылдық құттықтауларын айтып, әр түрлі маскарадтық киім киіп, дайындаған көріністерін көрсетті және би билеп, қызықты ойындар ойнады. Сонымен қатар шара барысында барлық костюм киген қатысушыларға Аяз ата мен Ақша қар сыйлықтар табыс етті. Кеш соңында мекеме басшысы белсенді қатысушыларды әртүрлі номинация бойынша Алғыс хаттармен марапаттады. Бал маскарад көңілді де қызықты өтті.

     Шара барысында «Жаңа жыл сиқырлы мереке» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалып, тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнеролик тамашалады.