«Түркі әлемінің жұлдызы-Шыңғыс Айтматов» атты әдеби сағат

E-mail Печать PDF

     21 қараша күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ш.Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Түркі әлемінің жұлдызы-Шыңғыс Айтматов» атты әдеби сағат өтті.

   Мақсаты:Заңғар тұлға Шыңғыс Айтматовты ұлықтау, философиялық мағынаға толы шығармаларын насихаттап, жастарға таныстыру.

Айтматов шығармалары әлемнің 157 тіліне аударылған. Бірнеше туындысына фильм түсірілген. Ол өз еңбектерінде Алатаудың қос етегін қатар жайлаған қазақ пен қырғыздың достығын арқау еткен.

   Кітапханашылар оқырмандарға ұлы жазушының өмірі мен шығармаларын таныстырды. Оның шығармаларындағы басты кейіпкерлер – қырғыз бен қазақ болғанын, осылайша, ол қазақ пен қырғыз халқының арасындағы байланысты одан әрі тереңдете түскенін әңгімелеп берді. Жазушының «Алғашқы ұстаз» шығармасынан үзінді оқылып, ақын М. Шахановтың Ш.Айтматовқа арнаған өлеңдері жатқа айтылды. Тақырыпқа сай слайд, бейнебаяндар көрсетілді. «Шыңғыс Айтматовтың айдыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге жазушының шығармалары мен ол туралы әдебиеттер қойылды.