«Мен жастарға сенемін» атты поэзия кеші

E-mail Печать PDF

     14 қараша күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Батыс Қазақстан гуманитарлы заң колледжінде Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты позия кешін өткізді.

     Мақсаты: Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармаларын терең таныту, сөз құдіретін танытудағы шеберлік өрнегін ашу, ақын шығармалары арқылы елін, жерін сүюге, ізгілік қасиеттерге, ұлы адамдар өмірінен өнеге алуға тәрбиелеу.

     Шара барысында кітапхана қызметкері Азатгүл Қайнақаева жастарға Мағжан Жұмабаев туралы біраз мағұлмат берді. Жастар «Батыр баянның жазылуы туралы естелік» деректі фильмінен үзіндіні тамашалап, Айнеля Базарғали «Мен жастарға сенемін», Аяжан Оспанова «Алдамшы өмір», Мөлдір Ахмет«Түркістан» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

     Шарада «Мағжан мұрасы мәңгілік» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шара соңында ақынның «Туған жер» әнін барлық жастар бірігіп орындады.