«Салауатты жастар – салауатты қоғам» атты акция

E-mail Печать PDF

     9 қараша күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Салауатты жастар – салауатты қоғам» атты акция өткізді.

     Мақсаты: Салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын қалыптастыру. Жастардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.

 

     Шара барысында кітапхана қызметкерлері салауатты өмір салтын қалыптастыру - қазіргі уақыттағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғанын айтты. Сондай-ақ, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу керек екенін, ал зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері туралы мәлімет берді. Жастар салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты өз көзқарастарын ортаға салды. Кітапхана қызметкерлері маскүнемдікке, темекі шегу және нашақорлыққа қарсы парақшаларды қоғамдық орындарда, көшелерде таратты.

Обновлено 20.11.2018 10:08