«Зерделі ғалым, жазушы, зиялы тұлға» атты танымдық сағат

E-mail Печать PDF

7 қараша күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Білім-инновация» лицей интернатында «Бір ел - бір кітап» акция аясында «Зерделі ғалым, жазушы, зиялы тұлға» атты танымдық сағатын өткізді.

     Мақсаты: Немат Келімбетовтің шығармаларын насихаттау. Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, оқу мәдениетін қолдау және дамыту.

     Іс-шара барысында кітапхана қызметкері «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша таңдап алынған Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітабы әлемнің 19 тіліне, оның ішінде мажар тіліне аударылғанын, сонымен бірге Еуропадағы танымал әдеби жүлделердің бірі – Ф.Кафка атындағы халықаралық сыйлыққа ие болғанын айтып өтті. Жастарға шығармадағы ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты туралы әңгімелеп берді. Оқушыларға осы кітапты оқып шығуға кеңес берді.

     Шарада оқушыларқатысып «Үміт үзгім келмейді» шығармасы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Диас Алдабергенов, Нұрасхан Алдоңғаров хикаят-монологтан үзінді оқыды.

     Шарада жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, «Немат Келімбетов - тұғыры биік жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.