«Қуатты Қазақстанда өркениетті Өзбекстан күндері» атты онлайн-конференция

E-mail Печать PDF

     24 қазан күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып жариялануына орай Өзбекстан республикалық балалар кітапханасымен бірлесе онлайн-режимінде «Қуатты Қазақстанда өркениетті Өзбекстан күндері» атты конференция өтті.

     Мақсаты: жастарды басқа ұлттың мәдениетін сыйлай білуге, сонымен қатар екі ел арасында мәдени және кітапханааралық байланыстарды нығайту.

     Шараға Облыс әкімі аппараты» жанындағы «Қоғамдық келісімінің» маманы Түлкібай Тынышбайұлы Сапаров, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Үржан Құрманқызы Кудасова, №27 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Назгүл Қалабайқызы Баймағамбетова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шолпан Комунаровна Утешова, кітапханашылар мен оқушылар, оқырман қауым қатысты.

     Шара барысында екі елдің кітапханашылары ел арасындағы тарихи қарым-қатынас бауырластық пен достыққа негізделгенін айта отырып, ақын Әлішер Науаи мен Абай Құнанбаевты насихаттап, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар екі елдің кітапхана қызметкерлері кітапханада өткізілген іс-шараларын слайд арқылы көрсетті. Камиль Даулеткалиев, Евгений Брагин Абайдың қара сөздерін оқыса, ал Наригиз Серік «Без сознания нос не задирай», Әбілмансұр Нұрғалиев «Подумай взвесь» өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ гуманитарлық колледждің студенті Бақтыбаев Нұрзат Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

«Тамыры бір туысқан өзбек елі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.