«Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы» атты аймақтық кітапханашылар конференциясы

E-mail Печать PDF

     2018 жылдың 18 қазаны күні облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Астананың 20 жылдығы аясында «Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы» атты аймақтық кітапханашылар конференциясы өтті.

     Мақсаты: Заманауи кітапхана жұмысын жүйелеу, іс-тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту.

   Шараға қатысқандар: Маңғыстау, БҚО, Ақтөбе облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар.

     Конференцияда келген қонақтарды кітапханамен таныстырып, экскурсия жасалды. Аймақтардан келген кітапханашылар, С.Бәйішев атындағы ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы А.Қ.Сейілова, Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Ж.О.Омарбекова және т.б кітапханашылар қатысып, баяндама оқыды. Сонымен қатар кітапхананың акт залында кітап көрмесі, слайд және деректі фильмдер, әдістемелік баспалар ұйымдастырылды. Бағдарлама бойынша кітапханашылар тренинг өткізіп, Жас мамандар: Жаңа көзқарас. Жаңа леп» бейнефильмін тамашалады. Сонымен қатар конференция соңында кітапханашылар мен жас оқырмандар «Біз кітаппыз» жаңа кітаптар дефильесін ұйымдастырды. Жаңа кітаптар дефильесіне жазушы З.Ахметованың, Б.Иманғазина, Ө.Нұрғалиевтің кітаптары, сондай-ақ Д.Нұрпейісова, Ә.Молдағұлова, қазақ батырлары, Гарри Поттер туралы және ертегі кітаптар ұсынылды.