«Үздік ойлы оқырман» атты сайыс

E-mail Печать PDF

     2018 жылдың 4 қазаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында №36 орта мектебінде «Үздік ойлы оқырман» сайыс өткізді.

     Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітап сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.

     Шара барысында кітапхана қызметкері Зейнекен Аяулым бәсекеге қабілетіліктің басты көрсеткіші – білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап және болашақ – жастарымыздың қолында екендігін айтып өтті. Сонымен қатар «Үздік ойлы оқырман» сайысының шартын түсіндіріп, оқушыларды 4 топқа бөлді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1. Таныстыру. 2. Бәсекеде біліктілік. 3. Жаңылмайық жаттайық. 4. Мен кейіпкер боламын. Байеділ Мирас, Тулесинова Дана, Амиргалиев Саят, Сегізбаев Дидар берілген шарттар бойынша өздерін таныстырып, жаңылтпаш айтып, кейіпкерлерді сомдады. Сондай-ақ өздерінің білімді де білікті оқушылар екенін көрсетті. Оқушылар шараға белсене араласты. Шара соңында сайысқа белсене қатысқан оқушыларды дипломмен марапаттады.

     Шарада «Білім кілті - кітапта» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Бултекова Лаззат библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.