«Ата –Заңым айбыным» атты пікірсайыс

E-mail Печать PDF

     29 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе»Ата –Заңым айбыным» атты қалалық пікірсайыс турнирін өткізді.

     Шараның мақсаты: ҚР Конституциясын және мемлекеттік рәміздеріннасихаттауға, патриотизмді нығайтуға және дамытуға, халық бірлігін, рухын көтеруге бағытталған.

   Пікірсайысқа «Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, №51 мектеп гимназиясы, №61, №55, №36, №28 орта мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында жоғары сынып оқушылары өздерінің көзқарасын, ойларын ортаға салды.      

     Әрқайсысы өз тобының мүддесін сауатты және нақты қорғап шықты.

Шараға Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық коммисияның мүшесі-Е.Ж.Құрманбек, Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті-А.Е.Дюсенова қатысты.

Сайыстың төрешілері: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті Б.Исламбек, Байтурина Таңшолпан, Ауыл шаруашылық колледжінің студенті Р.Сарсенова, Ақтөбе политехникалық колледжінің студенті Ә.Саматай қатысушыларды тыңдап әділ бағасын берді.

   Шара соңында жастар «Ата Заңым-алтын қазынам» атты кітап көрмесімен танысты.