«Алтын арқау – Ата Заң» атты шығармашылық байқауы

E-mail Печать PDF

2018 жылдың 28 тамызы күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығымен бірлесе 30-тамыз Конституция күніне орай «Алтын арқау – Ата Заң» атты шығармашылық байқау өткізді.

Байқаудың мақсаты: Жасұрапқты Ата Заңды білуге, құрметтеуге насихаттау арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Өлкелік әдебиет өкілдерін білуге, өлең сүюге, мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Сайысқа қатысушылар танымал ақындардың бірінің патриоттық тақырыптағы бір өлеңін немесе фольклорлық жанрдағы дастандар, толғаулардан да үзінді оқыды. Ақтөбе өңірінен шыққан белгілі ақындардың шығармашылығынан бір өлең оқып, блиц сұрақтарға жауап берді.

Әділ қазы мүшелері: Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық коммисияның мүшесі-Е.Ж.Құрманбек, «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы-Е.О.Нұрғалиев,Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті-А.Е.Дюсенова, «Ер бақыт» әскери патриоттық клубының төрағасы-Нұрлан Айтбаев және кітапхана директоы –Г.Н.Калдина қатысушылардың мәнерлеп оқуына, киім үлгісіне, сахналық мәдениетіне басты назар аударды. Қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, «Ата Заң-алтын қазынам» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шара барысында кітапхана оқырмандары патриоттық әндер шырқады.