«Спорт – біздің серігіміз» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

     2018 жылдың 13 тамызы күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында, спорт күніне орай «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» АОФ қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Спорт – біздің серігіміз» атты спорт ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.

     Мақсаты: Спорт ардагерлерінің жолын жастарға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді түсіндіру. Ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау.

     Кешке қатысушылар: «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» АОФ қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Н.С.Табылдинова; Ақтөбе қаласының атақты спортшысы, бапкер – М.С.Зәкіржанов; Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, әлем чемпионының жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы – Қ.Е.Ізғарин; мәдениет қызметкерлері және оқырмандар.

     Кеш барысында спорт ардагерлер жастарға өз салалары бойынша қалай жетістікке жеткендері жөнінде ой өрбітіп, мақсатқа жету жолындағы қиындықтары мен қуаныштарын бөлісті. Сонымен қатар «Ақ қауырсын» жас ақындар клубының мүшелері спорт пен денсаулық туралы өлеңдерін оқыды. Флешмоб биін биледі. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, спорт туралы бейнебаян тамашалады. Кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Назира Сарсенбайқызы кешке қатысушы ардагерлерді спорт күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады және кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы спортшыларымызға құрмет көрсету кімге де болсын парыз, әрі қасиетті міндет екенін айтып, спортшы ардагерлерге тілегін білдірді.

    Шараға қатысушы оқырмандар көкейкесті сұрақтарын қойып, өзара ой бөлісті. Жиналған қауым «Спорт – денсаулық кепілі» атты ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты. Кеш соңында ардагерлер жылы лебіздерін білдіріп, батасын берді.