«Ақын есімі – ел есінде» атты әдеби поэтикалық кеш

E-mail Печать PDF

2018 жылдың 15 тамызында сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында Өтежан Нұрғалиевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ақын есімі – ел есінде» атты әдеби поэтикалық кеш өткізді.

Мақсаты: Өтежан Нұрғалиевтың шығармашылығымен таныстыру, насихаттау.

     Шара барысында кітапханашы Көшербайқызы Ақниет Ө.Нұрғалиевтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мәлімет берді. Ақынның «Менің махаббатым» 

   жи­на­ғынан бастап оның қаламынан шыққан «Ақ нө­сер», «Нөсерден кейін», «Ай ас­тын­да ақбоз үй», «Қайыңды то­ғай», «Тыныштық», «Афина мектебі»

   тағы басқа жыр кітаптары бар екенін айтып өтті.

     Шарада оқырмандар Өтежан Нұрғалиевтың шығармашылығы жөнінде ой бөлісіп, Сұлтанбекова Лаура, Зинекен Аяулым ақынның өлеңдерін оқыды.

   Сонымен қатар «Ақын есімі –ел есінде» кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесінде қаламгердің шығармалары және ол туралы жазылған кітаптар,

   баспасөз мақалалары қойылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнебаян тамашалады. Шараға кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты.