«Алаш тағылымы – тәуелсіздік негізі» ауызша журналы

E-mail Печать PDF

     2018 жылдың 12 шілдесінде сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Алаш тағылымы – тәуелсіздік негізі» атты ауызша журналы өтті.

Мақсаты: Мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Сәдуақасовтың өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін насихаттау, сондай-ақ жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, жастарды кітап оқуға тарту.

   Шараны жүргізген кітапханашы Сұлтанбаева Лаура Алаш қозғалысына қатысушы, мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың өмір жолын, 1917 жылы қазанның басында өткізілген қазақ жастарының съезіне қатысқандығын, сонымен қатар осы кезеңде халық арасында алаштық идеялардың таралуына үлес қосқандығы жөнінде айтып берді.

     Ауызша журнал 2-бөлімнен тұрады. 1-бөлім: «Алаштың алып тұлғасы» деп аталады. Бұл бөлімде ақынның туып өскен жеріне, қызметіне тоқталып өтті. Оқырмандар Ж.Сәдуақасов туралы бейнебаян тамашалап, Ж.Сәдуақасовқа байланысты викториналық сұрақтарға жауап берді. 2-бөлім: «Қос алыптан қалған із» атты облыстық кітапханашылар байқауының жеңімпаздарын кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы марапаттап, сыйлықтар табыстады.

   Шара барысында «Ұрпақ жадында жаңғырар есім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Сұлтанбаева Лаура библиографиялық шолу жасады. Мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасов туралы деректі фильм мен «Алаштың алып тұлғасы» атты слайды көрсетілді. Шараға кітапхана оқырмандары, «Қос алыптан қалған із» байқауының жеңімпаздары қатысты.