«Қазақтың нар, қаһарман қызы – Бибігүл Иманғазина» атты конференция

E-mail Печать PDF

   2018 жылдың 26 шілдесі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында жазушы Бибігүл Иманғазинаның «Тауқымет» романына байланысты «Қазақтың нар, қаһарман қызы – Бибігүл Иманғазина» атты конференция өтті.

     Мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығын таныту, елеулі еңбегі мен бағындырған белесін кеңінен насихаттау.«Тауқымет» романын насихаттай отырып, оның өмірлік ұстанымын жас ұрпаққа түсіндіру. Жастарды рухани адамгершілігі мол қасиеттерге баулу.

   Шараны кітапханашы Сұлтанбекова Лаура жүргізді. Шара барысында оқырмандар мен кітапханашыларға жұртшылыққа Бибі-Ана деген есімімен танымал жазушы Бибігүл Иманғазинаның өмір жолын айтып өтті. Сонымен бірге жазушының «Тауқымет» романын әңгімелеп берді. Шығармада сюжеті нақты өмірден алынған, он жеті жасында мүгедектікке душар болып қалған қазақ қызының ауыр тағдыры туралы жазылған. Кітапханашы Сұлтанбекова Лаура жазушының бұл кітабын оқырмандар мен жастарға оқуға кеңес берді.

Шара барысында оқырмандар мен кітапханшылар жазушының шығармасы жөнінде өзара ой бөлісіп, басты кейіпкер Сананың ауыр тағдыры мен жігерлілігі туралы өз ойларын тебірене жеткізді. Шараға қатысушылар Ертай Ашықбаев пен Иран-Ғайыптың «Бибі-Ана» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жазушының шығармашылығына арналған «Тауқыметті тізерлеткен Бибі-Ана!»атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Құрымбаева Лариса библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд, бейне ролик көрсетілді.Шараға кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты.