«Астана болашақтың қаласы» асфальтқа сурет салу байқауы

E-mail Печать PDF

   2018 жылдың 3 шілдесінде сағат 16.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен, №16 орта мектеп жанындағы лагердің оқушылары мен кітапханамыздың кішкентай оқырмандары арасында, қалалық мәдениет Үйінің алаңында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана болашақтың қаласы» атауымен асфальтқа сурет салу байқауы өтті.

 

Мақсаты: Мемлекетіміздің жас қаласы Астананың тарихы мен құрылуы, әсем қаланың жеткен жетістіктерін таныстыру. Балаларға мерекелік көңіл күй

сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын арттыру.

Тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы Астана қаласына биыл 20 жыл толып отыр. Астана қаласының көктеп-көгеруі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

есімімен тығыз байланысты. Өйткені күллі қазақ елі мақтанышпен айта жүрер дәл осындай ғажайып қала тұрғызуға тәуекел ету, оның құрылысын

түгелімен өзі қадағалау тарих алдындағы жауапкершілікті сезіне білу деген сөз. Сондықтан Астана – біздің бүгінгі жетістігіміз ғана емес, бұл

болашақтың қаласы.

Шарада кітапхананың кішкентай оқырмандары ашық аспан астында, субұрқақтың жанында түрлі түсті борлардың көмегімен асфальтқа «Бәйтерек»,

«Хан шатыр», қаламыздың көрікті жерлерін, тағы да басқа өз қиялынан туындаған суреттерін салды. Асфальтқа сурет салу балалардың үлкен

қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар Быля Ксения «Дружба», Байрак Кристина мен Султанова Альмира «Беги» әндерін айтты. Балалар жұмбақ

шешіп, би биледі. Шара соңында І,ІІ,ІІІ орын алған балаларды анықтап, Алғыс хатпен марапаттады. Байқауға қатысқан барлық балаларға сыйлықтар,

балмұздақтар таратылды.

Обновлено 22.08.2018 09:30