ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

E-mail Печать PDF

         21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі.

    Аталған мереке қарсаңында Ақтөбе қаласында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтіп, облыс әкімі Б.Сапарбаев және Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасыныңбасшысы М.Н.Қорғанбаева мәдениет  саласының қызметкерлерін мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі еңбектері үшін құттықтап марапаттады.

 

        Осы игілікті шара барысында кітапхана қызметкерлерінің де еңбегі еленіп, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама 

  басқармасыныңбасшысы М.Н.Қорғанбаева С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасындадиректорының орынбасары

  Құдасова Үржан Құрманқызына ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының атынан Астананың 20 жылдығына орай «Кітапхана ісінің шебері»

  атты төс белгі табыстады. Сондай –ақ, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы Ақтөбе

  облыстық филиалының төрағасы Н.Табылдинова кітапхананың инновациялық әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ермекбаева

  Алтынгүл Асқарқызын ҚР мәдениет министрі А.Мұхамедиұлының «Құрмет грамотасымен», және кітапхананың есеп бөлімінің бас есепшісі

  Қойлыбаева Айсұлу Жеңісқызын «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық

  бірлестігі атынан алғыс хатпен марапаттады. Әріптестерімізді елеулі еңбектерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

 

Обновлено 06.06.2018 05:27