«Қос алыптан қалған із» атты байқау

E-mail Печать PDF

     2018 жылдың 29 мамырында сағат 11.00-де Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Қос алыптан қалған із» атты облыстық кітапханашылар арасында жарияланған байқаудың қорытындысы өтті.

   КешкеАқтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы – Г.М.Маханова; Облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың директоры – Г.Ғ.Хамзина; Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кітапханасының меңгерушісі – Н.Ермекова; «Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» орталығының орынбасары – Б.А.Снабаева; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры – Г.Н.Калдина және оқырмандар, жеңімпаздар, кітапханашылар қатысты.

   Мақсаты: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Ақтөбеден шыққан қос тұлға ақын, аудармашы Қуандық Шаңғытбаев пен жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың шығармаларын насихаттау; Кітапханашылардың кәсіби біліктілігі мен шығармашылығын дамыту, кітапханашы мамандығының имиджін көтеру.

   Байқауға қатысушылар «Мен ұнатқан кітап» атты қос автордың кітаптарынан виртуалды көрме жасап, сол көрмені таныстырады. «Буктрейлер» дайындайды, сонымен қатар Қ.Шаңғытбаевтың бір өлеңін мәнерлеп оқиды немесе Т.Ахтановтың шығармасынан үзінді орындайды. Талапкер өзінің жұмыстарын СD дискі арқылы жолдады. Әділқазы мүшелері байқауға келіп түскен бейнероликтің сапасына, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, тақырыптың ашылуына, көрменің маңыздылығына мән берді.

   Кешті кітапхана директоры Калдина Гүлжайнар Нәренқызы бастады.Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлде – Жанаева Мөлдір Мүсірәліқызы, Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы, I орын – Елькеева Сандуғаш Сериковна, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің кітапханашысы, II орын – Тугелова Нурсулу Жумабековна, Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы, III орын – Ширазова Айгүл, Темір ауданы Шұбарқұдық кәсіпшілігі Модельді кітапханасының кітапханашысы және Ерманова Жанар Рахмановна, Мәртөк аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы жеңіп алды. Орын алған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар Бас жүлдеге теледидар, І орын - принтер, ІІ орын – қысқа толқынды пеш, ІІІ орынға шаңсорғыш берілді және Алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздардың құрметіне арналған кеште облыстық шығармашылық орталығының әншісі Құралай Аленова әндер орындады. Шара барысында кешке қатысқан кітапханашылар Қ.Шаңғытбаевтың өлеңдерін оқып, көрермендер буктрейлерден үзінді қарады. Сонымен бірге «Ел есінде екі алып» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Хамидуллина Бақтыгүл библиографиялық шолу жүргізді. Кеш соңында естелік суретке түсті.