«Мәдениеттің туын көтергендер» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

     2018 жылдың 17 мамыры күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР мәдениет саласының үздігі, актер Әсет Оразалинмен Сақтапбергенұлы және әнші Алма Адахановамен «Мәдениеттің туын көтергендер» атты кездесу кешін өткізді.

     Мақсаты: Мереке қарсаңында мәдениет, өнер қызметкерлерімен жастарды кездестіру, өлкеміздің өнер адамдарын таныту, жасұрпақты өнерге баулу, театр – мәдениеттілікке, имандылыққа бастайтын баспалдақ екендігін ұғындыру.

     Шараға қатысқандар: Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актеры, ҚР мәдениет саласының үздігі -Ә.Оразалин; Г.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі- А.Адаханова; мәдениет және өнер қызметкерлері, студенттер.           

   Ақтөбе топырағы қашаннан өнер адамдарына кенде емес. Бірі театр мен ән әлемінде, екіншісі әдебиет саласында тер төгіп елге танылып жүр. Солардың бірі Т.Ахтанов атындағы драма театрында 60-тан астам рөлді сомдаған актер Оразалин Әсет жастарға өнердің құдыреттілігін,театрға келуі арқылы әр адам өзін басқа бір қырынан тануына, өмірден оқшау еместігін, оның біртұтастығын түсінуге, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алатындығын айтып ой бөлісті. Г.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі - Алма Адаханова көңілді әндер орындады. Жастар өнерге байланысты көптеген сұрақтарын қойды.Тақырыпқа сай слайд тамашаланды. Мереке қарсаңында өтіп жатырған кездесу кешінде кітапхана директоры Г.Н.Калдина өз істеріне берілген мәдениет және өнер қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, естелікке сыйлықтар табыстап алғысын білдірді. Шара соңында «Рухани жаңғырудың бастауы-мәдениет пен өнер» атты кітап көрмесі таныстырылды.