«Өнерлі өрге жүзеді» атты сайыс

E-mail Печать PDF

     16 мамыр күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігінің мүшелері арасында «Өнерлі өрге жүзеді» атты сайыс өткізді.

     Мақсаты: жастардың өнерге қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулу, шығармашылық белсенділіктерін, танымдық қабілеттерін арттыру.

   Шараға сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорының мүшелері мен еріктілер тобы қатысты.

     «Өнер - адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы» деген екен Б.Момышұлы. Сондықтан кітапханашылар бұл дүниеде адамның жан дүниесін нұрландыра түсіретін құдірет ол – өнер екендігін жастарға түсіндіріп, мағұлмат берді.

     Сайыс 4 айналымнан тұрды. Бірінші айналым «Таныстыру», Екінші айналым «Өнерлі өрге жүзер», (Ән айту, би билеу т.б.),Үшінші айналым «Білгенге маржан»,Бесінші айналым «Ұшқыр ой».

     Сайыста әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Кушербаев Бауыржан мен Каликова Инжифия «Ана-әке», «Шын ғашықтар» өлеңдерін орындады. Ал Карабалиев Мұрабек қойылған сұрақтарға лезде жауап беріп отырды. Әділқазы мүшелері әр кезеңнің қорытындысы бойынша ұпай санын есептеп, шара соңында жеңімпаздарды алғыс хаттармен марапаттады.