«Сырлы ақынның нұрлы жырлары» атты Сағи оқулары

E-mail Печать PDF

2018 жылдың 15 мамыр күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қандыағаш қалалық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе «Сырлы ақынның нұрлы жырлары» атты Сағи оқуларын ұйымдастырды.

     Мақсаты: Сағи Жиенбаевтың есімін, оның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жастарды қазақ поэзиясына, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Сағи өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

     Шараға қатысқандар: Қандыағаш қалалық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары және Қандыағаш қалалық көпсалалы колледж студенттері; Ақкемер ауылдық модульдік кітапхананың меңгерушісі - Жолжанова Сұлу; Сағашиелі модульдік кітапхананың меңгерушісі – Жосжанова Дина; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Калдина және кітапханашылар мен поэзия сүйер оқырман қауым.  

     Шара барысында Қандыағаш аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлнар Жанабергенова ақынның «Бауыр» деген өлеңін оқып берді. Ауданның поэзияға жаны құмар жасөспірімдері ақынның өлеңдерін жатқа айтып берсе, ал кейбір шығармашыл жастар ақынға арнау өлеңдерін оқып, Сағи Жиенбаев шығармаларының желісі бойынша көрініс көрсетті. Шара соңында қатысушы жастар алғыс хаттармен марапатталды.

     «Сағидың әсем әлемі» атты кең көлемде кітап көрмесі әзірленді. Көрмеге ақынның барлық туындылары және ол туралы әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды. Көрмеге Хамидуллина Бақытгүл библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, Сағи Жиенбаев туралы «Екі жүрек, бір тағдыр» бейнебаянын тамашалады.

Обновлено 25.05.2018 11:17