«Өзбекстанның атақты қалалары» білгірлер сайысы

E-mail Печать PDF

2018 жылдың 15 мамыр күні сағат 16.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы № 47 ЖББО мектебінде «Өзбекстанның атақты қалалары» білгірлер сайысын өткізді.

     Мақсаты: Оқушыларды басқа ұлттың мәдениетін сыйлай білуге, құрметтей білуге үйрету; Адамгершілікке баулу, этика - эстетикалық тәрбие беру. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

     2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып жарияланды. Өзбектер (өз. О/zbek, О/zbeklar) – ұлт, Өзбекстан елінің негізгі халқы. 2013 жыл 1 - сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 520 мыңға тарта өзбек тұрады. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында мекендейді. (87, 6 пайыз) Қазақстан халықтары ассамблеясының құрамында өзбектердің ұлттық мәдени орталығы жұмыс істейді.

   Кітапханашы Кошанова Шынар оқушыларға өтетін сайыстың шартын түсіндірді. Шара барысында оқушылар «Ойшылдар» және «Алғырлар» тобы болып бөлініп, өздерін таныстырумен бастады. Сайыс «Ұшқыр ой, жылдам жауап», яғни 10 сұраққа жауап беру, «Кім білгір, кім алғыр?» топ басшыларына сұрақтар, т.б. бөлімдерден тұрды. Сайыс соңында екі топ тең түсіп, «Ойшылдар» мен «Алғырлар» тобын алғыс хатпен марапаттады.

   Кітапханашы Кошанова Шынар «Тамыры бір туысқан өзбек елі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесіне кітаптармен бірге мерзімді басылымдар да қойылды. Тақырыпқа слайд көрсетілді.