«Әміре – ән көгінің айнасы» атты әдеби сағаты

E-mail Печать PDF

   2018 жылдың 29 сәуір күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Әміре Қашаубаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Әміре – ән көгінің айнасы» атты әдеби сағаты өтті.

   Мақсаты: Әміре Қашаубаевтың шығармашылығымен таныстыру. Жастардың музыкаға деген қызуғышылығын дамыту.

   Әміре Қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант. 1888 жылы туған. 12 жасқа толғанда Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. Әміре 1921-1924 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды.

   Шараға Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Балнияз Ажниязов және жастар, оқырмандар қатысты.

   Шарада оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты. Шара барысында «Ұлт өнерінің мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Құрымбаева Лариса библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд, бейнеролик тамашаланды. Жастар өлең оқыды.