«Менің журналым-Адырна» библиографиялық шолу

E-mail Печать PDF

   13наурыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Менің журналым-Адырна» атты республикалық «Адырна» журналына библиографиялық шолу жасалды.

Мақсат: «Адырна» журналы туралы ақпарат беріп, журналға жарияланған өлкелік ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау.

«Адырна» республикалық әдеби журналы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен өлкемізден 2016 жылдан бастап жарыққа шыққан.

     Кітапханашы Лариса Құрымбаева әдеби көркем журналдардың, жалпы кітап оқудың пайдасы жөнінде ақпарат берді. Әдеби журналды оқу арқылы жан дүниеңізді байытасыз, рухани азық аласыз деп жастарға өлкелік ақын-жазушыларды насихаттап, прозалардан үзінді оқып берді. Шараға кітапхананың «Ақ қауырсын» шығармашылық клубының мүшелері қатысып, журналға жарияланған өлеңдерді жарыса оқыды.

«Адырна» журналы жыл аяғына оқырмандар арасында насихатталатын болады.