«Өлкені өркендеткен есімдер» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

    27 ақпан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген ақтөбелік азаматтармен «Өлкені өркендеткен есімдер» атты кездесу кеші өтті.

     Мақсаты: жас ұрпақты рухани адамгершілігі мол қасиеттерге баулу, өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосқан азаматтардан үлгі алуға шақыру. Олардың елеулі еңбегі мен бағындырған белесін кеңінен насихаттау.

     Шараға қатысқандар: «Пандус Ок» әлеуметтік жобасының авторы, кәсіпкер - Шахан Шахмаранұлы Жолдасбаев; Ақтөбе облыстық қоршаған ортаны қорғау бөлімшесінің басшысы - Юрий Борисович Хон; Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың меңгерушісі-Нұрбақыт Құсайынұлы Барбосынов; Ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы Елеуов Нұрсұлтан; Ақтөбе облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы - Асылжан Бүркіталин; Ақтөбе облысының укіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті -Дюсенова Айгүл Егізбайқызы;

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «100 жаңа есім» жобасының іріктеуіне біздің өңірден өздерінің еңбегімен ерекшелене білген 5 адам енген. Соның ішінде Юрий Хон суға батып бара жатқан адамның өміріне араша түссе, Шахан Жолдасбаев мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз өмір сүруі үшін, өз жолындағы кедергілерге мойымай төтеп бере білді. Бүгінде ол өзінің жеке кәсібін ашты.

   Кеш барысында қатысушылар жастарға өз салалары бойынша қалай жетістікке жеткендері жөнінде ой өрбітіп, мақсатқа жету жолындағы қиындықтары мен қуаныштарын бөлісті. №4 орта мектептің оқушысы Қойшыбек Темирлан жән Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Алма Адаханова патриоттық әндер орындады.