«Дін –зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты діни-танымдық кеш

E-mail Печать PDF

       20 ақпан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Дін –зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты діни-танымдық кеші өткізілді.

     Мақсаты: жас ұрпаққа рухани – тәлімдік тәрбие беру, жастарға Ислам дінінің негіздерін түсіндіре отырып, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Өз дініне деген сүйіспеншілігін және оған құрметпен қарауға сенімін арттыру.

       Шара барысында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің найб имамы - Нұрбол Берікболұлы Смағұлов жастарға қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алатын Ислам діні туралы айтып, кері тартпа ағымдардың алдын алу, жалпы имандылық туралы уағыздар айтты. Сонымен қатар «Үздік дінтанушы», М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп –интернатының оқытушысы -Күнімайгүл Смадиярқызы жас ұрпаққа дін ғұламалары жайлы, олардың рухани құндылықтары, еңбектері туралы айтты. Кешке қатысқан Ақтөбе құрылыс бизнес колледжі мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері Имамға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

     Шараға қатысушылар әдептілік, имандылық туралы бейнеролик, «Дін зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты слайдты тамашалады.

     «Ислам діні және мұсылман әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Құрымбаева Лариса шолу жасады.