«Ерлігі ұмытылмас ерлер» атты патриоттық кеш

E-mail Печать PDF

   8 ақпан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жанынан ашылған «Бүркіт» патриоттық клубының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ерлігі ұмытылмас ерлер» атты патриоттық кеші өтті.

   Мақсаты: Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету, жастарды патриоттыққа баулу, тарихи оқиғалар туралы мәлімет беру.

   Шараға қатысқандар: Галеев Гумер Абдулвалиевич – аға лейтенант, «Боевое братства» қоғамдық қорының құрылтайшысы; Қалдыбаев Асқар Умиргалиевич - кәсіпкер, «Бектеміров» ЖК техникалық басшысы; Айжанов Жалгас Шарипович - Әуе Қорғаныс күштерінің әскери институтының подполковнигі; Ермекова Нұргүл Нұрдаулетқызы – «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кітапханашысы; КалдинаГүлжайнар Нәренқызы - С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры; Әскери-техникалық мектептің курсанттары, №16 орта мектебі.

   15 ақпанда КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 29 жыл болады. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. 1989 жылы ақпанның 15 күні КСРО-ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты. «Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20-ның арасындағы өрімдей жастар, бас-аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді.

   Шараға қатысқан Ауған ардагерлері Ауған соғысы жөнінде жастарға қызықты әңгімелер айтты. Кеш барысында «Афганистан болит в моей душе» атты бейнебаян және слайд көрсетілді. №16 орта мектебінің оқушылары Дарью Малюта, Мельниченко Анастасия, Жаксылыкова Жансая ардагерлерге арнап өлеңдер оқып, «Бүркіт» патриоттық клубының мүшелері «Қазақстан сарбаздары» патриоттық әнін орындады және флешмоб биледі.Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі АдахановаАлма «Сағыныш сазы», «Надежда», «Катюша» әндерін орындады. Кітапханашы Мукашева Алтынай «Ауған соғысы:шындық, тарих, тағылым» атты кітап көрмесімен таныстырды.