«Ақ айдын» кітабының тұсаукесері

E-mail Печать PDF

        2018 жылдың 24 қаңтар күні Ақтөбе облысы әкімінің бастамасымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен жарыққа шыққан жас талапкерлердің «Ақ айдын» атты кітабының тұсау кесері өтті.

   Мақсаты: Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту; Дарынды жастардың шеберлігін шыңдап, өнерге, әдебиетке деген ынтасын ояту.

Кешке қатысушылар: Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары – Е.Қ.Мұхитұлы; Ақын, жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Адырна» республикалық журналының бас редакторы – М.Ақдаулетұлы; Облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты – Е.Ашықбаев; Журналист, ақын – Ж.Айжанов; Ақын - Б.М.Құрманқұлов және т.б. өлкеміздің танымал ақын-жазушылары; қаламыздың зиялы қауым өкілдері; «Шұғыла» шығармашылық орталығы; жас талапкер ақындар, мәдениет және өнер қызметкерлері.

   «Ақ айдын» кітабына іріктеуден өткен 50 жас таланттылардың, әдебиеттің ақ айдынында еркін жүзуге талпынған талапкерлер мен жас та болса шығармашылығымен танылып қалған авторлардың өлең-әңгімелерін топтастырды. Қазіргі таңда баспадан 500 данасы шығып, кітапқа өлеңдері енгізілген ақындарға 3 данадан таратылды.

Шара барысында жас ақындар өз туындыларын оқып, өзара ой бөліседі. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Г.Бөрібасова әндер орындады. Жиналған қауым «Өлең кернеп барады жүрегімді» атты ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты.