«Алаш қайраткері – Жанайдар Сәдуақасов» атты тарихи-танымдық кеш

E-mail Печать PDF

      2018 жылдың 30 қаңтар күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Сәдуақасовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Алаш қайраткері – Жанайдар Сәдуақасов» атты тарихи-танымдық кеші өтті.

Мақсаты:Алаш қайраткері Ж.Сәдуақасов жөнінде ақпарат беру, ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіру арқылы жастардың бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.

Шараға қатысушылар: Абдуллаев Нұртаза Ақишанұлы – тарих ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры; Бекарыстан Мырзабай – Облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат және экологияны қорғау, ғылыми зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері; Калдина Гүлжайнар Нәренқызы - С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры.

     Отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған немесе тарихи тұрғыдан өз бағасын алмаған тұлғаның бірі – ХХ ғасырдың басындағы қазақтың зиялы қауым өкілі Жанайдар Сәдуақасов. Ол Алаш қозғалысына қатысушы, мемлекет және қоғам қайраткері. Кеш барысында Бекарыстан Мырзабай Жанайдар Садуақасов туралы деректерге тоқталып, жалпы өлкемізден шыққан Алаш қайраткерлері туралы естелік әңгімелер айтты. Шара барысында «Ұрпақ жадында жаңғырар есім»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасов туралы деректі фильм мен «Алаштың алып тұлғасы» атты слайды көрсетілді. Шарада патриоттық әндер айтылды. Сонымен қатар №47 мектеп оқушылары мен Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі студенттері қатысты.