«Өнердің өрен жүйрігі» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

          2018 жылдың 18 қаңтар күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мен қазақпын» мега жобасының жеңімпазы Ардақ Елеусізбен «Өнердің өрен жүйрігі» атты кездесу кешін өткізді.

       Мақсаты: Ақтөбе өңірінен шыққан күйшіні, ел мәдениетінің, өнерін, есімдерін жас ұрпаққа үлгі ету, ұғындыру және шығармаларын насихаттау; Жастардың Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, мәдениетін, өнерін, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларды дәріптеуіне, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға жол ашу; Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту; Дарынды жастардың шеберлігін шыңдап, өнерге деген ынтасын ояту.

Шараға қатысушылар:Ардақ Елеусіз - 2017 жылдың үздік күйшісі, «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасының  жеңімпазы, Ермұқан Қыдырғали Мұхитұлы -Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары, Жалғас Құдайбергенов – Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің директоры, Айшуақ Дәрменұлы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы, Талап Хамзин – Республикалық халықаралық конкурстардың лауреаты, А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің оқытушысы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әртісі,Дәметкен Нұрғалиқызы - Ақтөбе қаласы №1 балалар музыка мектебі директорының орынбасары, алғашқы ұстазы, Ақмарал Мұқашева - С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы, әлеуметтік желі арқылы қолдаушысы, Гүлжайнар Нәренқызы Калдина - С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры.

     Ардақ Елеусіз 1993 жылы 7 шілдеде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол домбыра тартуды жастайынан үйреніп, қазіргі Қазанғап балалар өнер мектебінде оқып, білім алған. Музыка мектебін үздік дипломмен аяқтап, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жанында арнайы мамандырылған мектепте оқыған. Музыкалық мектепті бітірген соң колледжіне түскен. Орта білімді де үздік аяқтап, университетке түскен. Ол – қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттап, аянбай тер төгіп жүрген күйші. «Мен - қазақпын» мега жобасының жеңімпазы. «Үздік күйші - 2017» атағын алды.

     Шара барысында күйшіАрдақ Елеусіз төкпе, шертпе күйлерін орындап, жастармен өзара әңгімелесіп, балалық шағындағы естеліктерімен бөлісті. Күйшінің өнердегі алғашқы ұстазы Дәметкен апай Ардақтың күй өнеріне деген сүйіспеншілігін ерекше ықыласпен айтты. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Алма Адаханова «Бір үміт», «Саған халқым ай» әндерін орындады. «Күй өнерінің жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Мен қазақпын» бейне ролигі және «Бабалар аманатын арқалаған» слайды көрсетілді.